Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Халал мен харам
        3. Бильярд ойнауға болады ма?
        Бильярд ойнауға болады ма?

        Бильярд ойнауға болады ма?


        Жауап: Бильярд (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын[1]. Бильярд спорттық ойындардың бірі. Егер бильярдқа ақша тігіп ойнайтын болса, ол харам. Өйткені бұл құмар болып саналады. Ал егер  ақша тігілмей ойналса, онда оған рұқсат. Алайда төмендегі шарттар табылуы тиіс:

        1) ойынды құмарға айналдырмау;

        2) уақытын зая кетірмеу;

        3) міндетті парыз, уәжіп құлшылықтарынан тосып қоймауы керек. Осы шарттар табылса әрі адамға пайдалы болса, бильярд ойнаудың оқасы жоқ.

                                                                                      ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D1%8F%D1%80%D0%B4.