Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Фиқһ
        3. Арақ-шарап сататын жерде жұмыс істеуге болады ма?
        Арақ-шарап сататын жерде жұмыс істеуге болады ма?

        Арақ-шарап сататын жерде жұмыс істеуге болады ма?


        Жауап: Шариғатымызда мұсылман адамның арақ-шарап сатуына, сатып алуына тыйым салынады. Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі шарапқа байланысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады»[1].

        Алла Тағала Құранда: «Жақсылық пен тақуалықта бір-бірлеріңе жәрдем беріңдер! Ал күнә мен дұшпандықта бір-біріңе жәрдемдеспеңдер!»[2] – деген. Сондықтан арақ-шарап сату күнәлі іске жәрдем беру болғандықтан ондай жерде жұмыс істемеген дұрыс.

                                                                                      ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] Имам Әбу Дауід, № 3674.

        [2] «Мәида» сүресі, 2-аят.