Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Күнәлар
        3. Арақ нәжіске жатады ма?
        Арақ нәжіске жатады ма?

        Арақ нәжіске жатады ма?


        Жауап: Арақтың харам екендігі Құранда да, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де баяндалған. Сондай-ақ барлық ислам ғалымдары арақтың харам екеніне бір ауыздан келіскен.

        Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында, арақ, құмар ойындар, пұттар және (бал ашуға тігілетен) жебелер – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім, мұратқа жетерсіңдер!»[1] , – деген. Бұл аятқа мән беріп қарайтын болсақ, арақтың арам екенін, оны «шайтанның лас істерінен» әрі «одан аулақ болыңдар» деумен білдіріп жатыр. Құранда үкімі харам болып бекіген «хамр» сөзі жүзімнен жасалған шарапқа айтылады. Имам ән-Нәуауи: «Шарап – шәфиғи, мәлики, ханифи, ханбали мәзһабтарында және басқа да ғалымдардың көзқарасында нәжіс»[2], – деген. Шарап ауыр нәжіс саналып, тіпті бір тамшысы құдыққа түссе, ондағы судың бәрін нәжіс етеді.

        Қорыта айтқанда, арақ харам әрі нәжіс саналады.   

                                                                                          ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] «Мәида» сүресі, 90-аят.

        [2] «Әл-Мәжмуғ шарх әл-Муһаззаб», 2/581.