
Жасаған күнәларым көп, тәубе етсем Алла кешіреді ма?
Жауап: Алла
Тағаланың тәубе есігі ашық, адам қанша күнә істесе де, шын жүрегімен тәубе
етсе, тәубесі қабыл болады. Алла Тағала Құранда:
قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى
أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ
الذُّنُوبَ جَمِيعًا إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
«(Уа, Пайғамбар!) «Уа, өздеріне
қарсы ысырап (көп күнә) жасаған құлдарым! Алланың рақымынан күдер үзбеңдер!
Ақиқатында, Алла (нағыз тәубе еткенге) күнәларды түгел кешіреді. Асылында, Ол
(Алла) Аса Кешірімді һәм Мейірбан!» деп айт»[1], –
дейді.
Әнастан жеткен риуаятта
Пайғамбарымыздың (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім дейді: «Шыбын жаным иелігінде болған
Аллаға серт! Егер қателік жасасаңдар, тіпті қателіктерің аспан мен жерді
толтыратын болса да, соңынан Алладан жарылқау тілесеңдер, Алла сендерді
кешіреді»[2].
Ибн Дәқиқ
әл-Ғид: «Егер бір кісі бір күнде бірнеше күнә істеп, соңынан тәубені
шарттарымен орындаса Алла оны кешіреді»[3], –
дейді.
Сондықтан
Алланың рақымынан күдер үзбей, қанша көп күнә істесе де тәубе етіп, Алладан
жарылқау тілесе, Алла кешіреді.