
Мешітке ғұсылсыз кірсе болады ма?
Жауап: Жұнып
(бой дәреті жоқ) адамға ғұсыл құйынбайынша және хайыз бен нифас қаны келген
әйелдерге мешітке кіруге болмайды[1]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын):
لا أُحِلُّ الْمَسْجِدَ لِحَائِضٍ وَلا جُنُبٍ
«Жұнып
адамға да, хайызы келген әйелдерге де мешітке (кіру) халал емес»[2], – деген.
Егер
мешітке кіруге қатты қажеттлік туындаса, зәру болса, онда таяммум алып кіреді.
Өйткені ол су жоқ кезде тазалықтың орнын басады. Ал мешітте ұйықтап жұнып болып
қалса, таяммум алып сыртқа шығуы керек[3].