Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Дәрет
        3. Мешітке дәретсіз кіруге болады ма?
        Мешітке дәретсіз кіруге болады ма?

        Мешітке дәретсіз кіруге болады ма?


        Жауап: Мешітке дәретсіз кірудің оқасы жоқ. Алайда мұсылман адам қайда болса да дәретпен жүргені мұстаһаб саналады[1]. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Биләлға (р.а.) жәннатта кебісінің дауысын естігенін айтып, одан қандай аман жасағанын сұрағанда: «Азан айтып болған соң екі ракағат намаз оқыдым және дәретім бұзылса сол сәтте қайта алатынмын»[2], – деп жауап берген. Бұл хадис үнемі дәретпен жүрудің артықшылығына әрі мұстаһаб екендігіне дәлел болады[3].

         Сондай-ақ Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің біреулерің намаз оқыған орнында (мешітте) дәреті бұзылғанша болса періштер оған: «Уа, Алла! Оған кешірім ет. Уа, Алла! Оны мейіріміңе ал» деп дұға етеді»[4], – деген.  

                                                                                                ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] «Хашияту әт-Тахтауи», 83.

        [2] Термизи, №3689.

        [3] Ибн Хажар, «Фәтху әл-бәри», 3/35. Ән-Нәуауи, «Шәрху Муслим»,8/13.

        [4] Бұхари, №93.