Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Эко арқылы бала көтеруге болады ма?
        Эко арқылы бала көтеруге болады ма?

        Эко арқылы бала көтеруге болады ма?

        Жауап: Жасанды ұрықтандыру (ЭКО) – табиғи жолмен ұрықтана алмаған әйелдің жұмыртқа клеткасы мен ер адамның ұрығын арнайы медициналық түтікшелер көмегімен ұрықтандырып, әйелдің жатырына салу[1].

        Медицинада жасанды ұрықтандырудың негізгі екі түрі бар: 

        1. Іштей ұрықтандыру тәсілі. Яғни ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырда ұрықтандырылады[2].

        2. Сырттай ұрықтандыру тәсілі. Ол – ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырдың сыртында арнайы түтікшелерде ұрықтандырылып, сосын жатырға салынады[3]

        Бұл іштей және сырттай ұрықтандыру тәсілдерінің бірнеше көріністері бар. Оның ішінде ұрық пен жұмыртқа клетка ерлі-зайыптыларға тиесілі болса әрі жұмыртқа клетка иесі болған әйелдің жатырына енгізілсе ғана шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі[4]. Ал бұдан басқа көріністерде тектің араласуы және «зина» ұғымы туындағандықтан тыйым салынады[5]. Сондай-ақ жұмыртқа клеткасын ажырасқан немесе дүниеден өткен күйеуінің ұрығымен арнайы түтікшелерде ұрықтандырып әйелінің жатырына енгізуге болмайды[6].

                                                                                                                ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] Мухаммад Шәлтут, «әл-Фәтәуа», 326.

        [2] Мухаммад Халит Мансур, «әл-Ахкәму әт-тиббия әл-мутағаллақу бин-нисә фи әл-фиқһ әл-исләм», 77.

        [3] Мухаммад али әл-Бәрр, «Халқу әл-инсән бәйнә әт-тибби уә әл-Қуран», 531.

        [4] Мустафа Зарқа, «әл-Жәнин уә әл-әхкәму әл-мутағаллақу биһи», 137. «Фәтәуа Шәлтут», 327. «Қарарату уә тәусияту мажмағи әл-фиқһи әл-исләми әд-дуәли», 113. 1985-2011 жж.

        [5] Жәмияту әл-Азһар, Куллияту әш-шарғияти уә әл-қанун, «Қадая фиқһия муғасара», 1/348. 1986 жылы Халықаралық Ислам Фиқһ Академиясының, Амман қаласында өткен үшінші отырысының,  №16 (3/4) қарары. Қараһдағи, «Фиқһу әл-қадая әт-тиббия әл-муғасара», 576. Мысыр Араб Республикасының, Пәтуа комитеті: https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/11682/%D8%

        [6] «әл-Мәусуғату әл-муяссара фи фиқһи әл-қадая әл-муғасара (қисм фиқһ әл-усра)», 151-156.