
Қымыз ішуге болады ма?
Жауап: Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын
денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын[1].
Жабир ибн Абдулла (одан Алла разы болсын) «Алла елшісімен (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын) бірге сапарға шыққанда жылқының етін жеп, сүтін
ішетін едік»[2]
– деген оқиғаны еске алады. Жалпы ислам ғұламалары жылқы сүтіне (бірауыздан)
халал үкімін берген[3].
«Әл-һидая» кітабында жылқы сүтін ішудің оқасы жоқ делінген[4].
Өйткені жануардың сүті, сілекейі етіне байланысты беріледі. Ал шариғатымызда
жылқының еті адал. Демек, шариғат бойынша жылқының еті де, сүті (қымыз) да адал
ас болып есептеледі.
Ал егер қымызға басқада қоспалар қосылып (бал,
ашытқылар, қышқыл сүт бактериялары) ашытылса және адамды мас ететіндей дәрежеге
жеткізсе оның (ашытылған) азын да, көбін де қолдануға тиым салынады.
Қорыта айтқанда, шариғат бойынша жылқының еті
де, сүті (қымыз) де адал ас болып есептеледі. Ал егер қымызға басқада қоспалар
қосылып, адамды мас ететіндей дәрежеге жеткізсе оның (ашытылған) азын да, көбін
де ішуге тиым салынады.