
СОҢҒЫЛАР
ЗҰЛХИЖЖА АЙЫНА ҚАТЫСТЫ ҮКІМДЕР
30.06.2022
ЖАНУАРЛАРДЫҢ АҒЗАСЫН АДАМҒА ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУДЫҢ ҮКІМІ
29.04.2022
ҚАУЕСЕТ ТАРАТУДЫҢ ҮКІМІ
27.04.2022
АРТЫҚ САУСАҚТЫ АЛУДЫҢ ҮКІМІ
25.04.2022





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

Ораза ұстаған адам өзін-өзі күштеп ауыз толтыра әдейілеп құсатын болса оразасы бұзылып, қазасын өтеуі керек болады. Ал, егер құсық еріксіз, өздігінен келсе (ауыру немесе жүрегі айну себебінен) ораза бұзылмайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَنْ ذَرَعَهُ الْقَيْءُ فَلَا قَضَاءَ عَلَيْهِ، وَمَنْ اسْتَقَاءَ فَعَلَيْهِ الْقَضَاءُ
«Еріксіз құсық келген кісіге қазасын өтеу міндет емес, ал әдейі құсқан болса қазасын өтеу міндет болады»[1] – деген.
Ауыз толтырмаған құсық өздігінен қайтып ішке кетсе, ораза бұзылмайды. Ал егер ауыз толтырылған құсықты әдейілеп қайтаратын болса, ораза бұзылатындығына бірауыздан келісілген.
