ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Хайуанаттарды шошқаның етімен қоректендірудің үкімі

Хайуанаттарды  шошқаның етімен қоректендірудің үкімі

Шариғат бойынша барлық нәрсенің негізі мубах. Олар тек нақты дәлелдермен ғана харам етіледі. Шошқаның еті харам делінген аяттар:

"حرمت عليكم الميتة و الدم و لحم الخنزير"

«Сендерге өлексе, аққан қан мен шошқа еті арам қылынды,»[1]

"قل لا أجد في ما أوحي إلي محرما على طاعم يطعمه إلا أن يكون ميتة أو دما مسفوحا أو لحم خنزير فإنه رجس أو فسقا أهل لغير الله به"

«Мұхаммед: «Маған уахи етілген аяттарда кісінің жеуіне арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, немесе шошқа еті, ол – арам немесе  Алладан басқаның атымен пасықтықпен бауыздалған мал арам,» - де»[2]. Бұл аяттар адамзатқа бағытталған.

Алайда шариғатта жыртқыш аңдарды шошқаның етімен қоректендіруге тыйым салынбайды. Сонымен қатар  бұл үкім жыртқыш емес, еті желінбейтін аңдарға да қатысты.  Ал  жыртқыш емес, еті желінетін аңдарға келетін болсақ, шошқа еті шариғат бойынша  харам әрі нәжәс болғандықтан ондай етпен қоректендіруге болмайды. Егер шошқаның етімен қоректендірілген болса, онда  шариғат бойынша оның етін жеуге болмайды  және пайдалануға тыйым салынған мал деген үкім беріледі.

 Құрметпен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.

[1] Маида сүресі, 3 аят.

[2] Әнғам сүресі, 145.

 

Жоғары