ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Әбул-Баракат ән-Насафи кім?
Абдулла ибн Ахмад ибн Махмұд Әбул-Баракат Хафизуд-дин ән-Нәсафи әл-Ханафи. Қай жылы дүниеге келгендігі жайлы нақты дерек жоқ. Қайтыс болған жылы жайлы да үш түрлі көзқарас бар. Имам әл-Лакнауи һижри 710 жылы дүниеден өткен көзқарасты алға тартады. Ал имам Али әл-Қари әл-Ханафи һижри 701 жылы дүниеден өткен деген көзқарасты келтіреді. Ал имам әл-Хамауи дүниеден озған жылы һижри 711 деп бекітеді. Ғылым мен тақуалық орнаған отбасында дүниеген келген. Әйгілі ұстаздарының бірі Шәмсул-Әимма Мұхаммед ибн Абдуссаттар әл-Кардари әл-Ханафи (қ.б.ж һижри 642). Ал әйгілі шәкірттерінің бірі Хусамуд-дин әс-Сиғнақи (қ.б.ж һижри 711). Мәдарикут-Тәнзил уә Хақа-иқут-тәуил, Умдатул-Ақайд, әл-Уәфи т.б көптеген құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! Әмин! Құрметпен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.
Жоғары