





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

الصدر السعيد: هو أحمد بن عبد العزيز بن مازه تاج الدين أخو الصدر الشهيد
1. «әс-Садрус-Сағид». Бұл ныспымен Ахмед ибн Абдулазиз ибн Мәзиһ Тәжуд-дин[1] әс-Садруш-Шәһидтің бауыры[2].
صدر الشريعة: اشتهر به اثنان يوصف أحدهما بصدر الشريعة الأكبر وصدر الشريعة الأول وهو أحمد بن جمال الدين عبيد الله المحبوبي ويوصف الثاني بصدر الشريعة الأصغر وصدرالشريعة الثاني وهو عبيدالله بن مسعود
2. «Садруш-Шариға». Бұл лақаппен екі ғалым мәшһүр болған. Әуелгісі «Садруш-Шариға әл-Әкбар немесе «Садруш-Шариға әл-Әууәл деген атпен танылған. Ол Ахмед ибн Жәмалуд-дин Ұбайдулла әл-Махбуби[3]. Ал екіншісі «Садруш-Шариға әл-Әсғар» немесе «Садруш-Шариға әс-Сәни деген атаумен даңқы шыққан. Ол Ұбайдулла ибн Масғұд[4].
ركن اللأئمة: هو عبدالكريم بن محمد بن أحمد الصباغي أبو المكارم
3. «Рукнул-әимма»[5]. Толық аты-жөні: Абдулкарим ибн Мұхаммед ибн Ахмед әс-Саббағи Әбул-Макарим[6].
ركن الإسلام والدين: عبدالرحمن بن محمد بن أميرويه أبو الفضل الكرماني
4. «Рукнул-Ислам уәд-Дин». Бұл лақап Абдулкарим ибн Мұхаммед ибн Әмирауәиһ Әбул-Фадл әл-Кирманиге тиесілі[7].
ركن الإسلام: إبراهيم بن إسماعيل بن أحمد ركن الإسلام الزاهد المعروف بالصفار
5. «Рукнул-Ислам». Бұл атау Ибраһим ибн Исмайыл ибн Ахмед Рукнул-Ислам әз-Зәһид. «Саффар» деген лақаппен да танылған[8].
Құрметпен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.
[1] Тәжуд-дин, діннің тәжі деген мағынаны білдіреді. Екінші лақап аты.
[2] Ханафи мәзһабының әйгілі ғалымдарының бірі. Өкінішке қай жылы дүниеден өткендігі туралы нақты мәлімет жоқ. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[3] Һижри 630 жылы дүниеден өткен. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[4] Һижри 747 жылы қайтыс болған. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[5] Рукнул-әимма, имамдардың тірегі деген мағынаны білдіреді.
[6] Һижри 537 жылы дүниеден өткен. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[7] Өз заманында Хорасан аймағының ханафи мәзһабы бойынша ең әйгілі имамдарының бірі. Һижри 543 жылы дүниеден озған. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[8] Һижри 534 жылы қайтыс болған. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
