





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

لفظ: أصحابنا المراد به الأئمة الثلاثة هم أبو حنيفة وأبو يوسف ومحمد رحمهم الله تعالى
1. «Имамдарымыз», «жолдастарымыз» (Асхабуна) деген термин жоғарыда келтірілген имамдарды меңзейді. Олар имам Әбу Ханифа, имам Әбу Юсуф және имам Мұхаммед (Алла оларды рақымына бөлесін!).
خبير الوبري: هو محمد بن أبي بكر زين الأئمة المعروف بخبير الوبري الخوارزمي رحمه الله تعالى
2. «Хабир әл-Уәбари. Толық аты жөні: Мұхаммед ибн Әбу Бәкір Зәйнул-әимма. Хабир әл-Уәбари әл-Хуаризми деген атаумен танылған[1].
الأستاذ: المراد به عبدالله بن محمد بن يعقوب السبذموني رحمه الله تعالى
3. «Ұстаз». Бұл атаумен Абдулла ибн Мұхаммед ибн Яғқұб әс-Сәбазмуни танылған[2].
الحاكم الشهيد: هو محمد بن محمد بن أحمد المروزي البلخي ولي القضاء ببخاري وقتل شهيدا رحمه الله تعالى
4. «әл-Хакимуш-Шәһид». Бұл атаумен Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ахмед әл-Маруази әл-Бәлхи мәшһүр болған. Бұхарада қази болған. Шәһид болып дүниеден өткен[3].
الحسام الشهيد أوالصدر الشهيد: هو عمر بن عبد العزيز بن عمر برهان الأئمة أبو محمد رحمه الله تعالى
5. «әл-Хусамуш-шәһид» немесе «әс-Садруш-шәһид». Бұл лақап Омар ибн Абдулазиз ибн Омар Бурһанул-Әимма[4] Әбу Мұхаммедке тиесілі[5]. (Жалғасы бар)
[1] Ханафи мәзһабының әйгілі ғалымдарының бірі. Өкінішке қай жылы дүниеден өткендігі туралы нақты мәлімет жоқ. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[2] Ханафи мәзһабының әйгілі хадис имамдарының бірі. Ұстаз деген атпен мәшһүр болған. Һижри 340 жылы дүниеден өткен. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[3] Һижрии 344 жылы дүниеден озды. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[4] Бурһанул-Әимма, имамдардың дәйекті дәлелі деген мағынаны білдіреді. Екінші лақап аты.Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
[5] Һижри 536 жылы шәһид болып көз жұмған. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!
