ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Матуриди мектебінің өкілі имам әл-Паздауи

Садру-л Ислам Әбу-л Юср
Мұхаммед әл-Паздауи (1027-1099)

Әбу Йақуб Юсуф ибн Мұхаммед ән-Найсабури және Шейх имам Әбу-л Хаттабтан дәріс алған. Мауараннаһрдегі ханафи ғалымдарының бірі. Ол «Садру-л Ислам» атымен машһүр. Еңбектері жеңіл оқылатындықтан, оған «Әбу-л Йуср» деген ат берілген. 493/1099-жылы Бұхарада дүние салған. Артында Нажмуддин Мұхаммед ән-Нәсафи, Абдулкарим ибн Мұхаммед ас-Санаи, Мұхаммед ибн Тахир ас-Самарқанди, Абдуррахман ибн Мұхаммед ән-Найсабури, Абдуллаһ ибн Мұхаммед әл-Хулеми, Әбу Бәкір ибн Мұхаммед ибн Ахмед, Мұхаммед ибн Әби Бәкір ас-Сабуни секілді шәкірттер қалдырды[1].  

Еңбектері:

«Усули-д Дин» (Ислам Ақидасы) Классикалық кәлам кітаптарындағы тақырыптарды қамти отырып, 96 мәселені қарастырған және ислам мәзһабтарына қысқаша шолу жасаған. Сондай-ақ, «Шарху Жамии-с Сағир», «Уақиат» және «әл-Мабсут» атты шығармалары бар.



[1]     Ташкөпризаде, Табахату-л Фуқаһа (Хасан Тауфиқ), 86-б.

Жоғары