





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

С: Имам Әбу Мансур әл-Матуруди өмір сүрген кезеңдегі діни ахуал қандай болды?
Ж: Имам Әбу Мансур әл-Матуруди өмір сүрген кезеңдегі діни ахуал
Исламға дейін Хорасан мен Мауараннаһрда зәрдүштік, манихейзм, индуизм, буддизм, христиандық, яһудилік және басқа да азия елдерінің жергілікті діндері бар еді. Сасанидтердің мемлекеттік ресми діні − зәрдүштік дін еді. Сонымен қатар, бұл діндердің қатарында мәжуси дінінің де болғандығы айтылады[1].
Әмауи мемлекетінің соңына дейін бұл аймақта жасырын болса да, зәрдүштік пен буддизм мәзһабтары өмір сүрді. Христиандардың саны яһудилерге қарағанда аз еді.
Ислам ағымдары тұрғысынан қарағанда харижиттер, Систанда жартылай шииттер, Кешан, Исфахан, Кум және Рейде зәйдиялар, Табаристанда муғтазилиттер пікірлерін жаюда еді. Жасырын насихатты ұстанған исмаилиттер Батыс Иран, Рей, Хорасан және Мауараннаһрда пікірлерін жая бастаған.
Саяси биліктің Мерв мен Балхта мықты болған кезінде аймақ әкімдіктері тарапынан бұл ағымдар қыспаққа алынды[2].
