ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Имам Әбу Мансур әл-Матуруди туған жері мен шежіресі қандай?

С: Имам Әбу Мансур әл-Матуруди туған жері мен шежіресі қандай?

Ж:Имам Әбу Мансур әл-Матуруди туған жері мен шежіресі 

Имам әл-Матуридидің туған жылы туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, шамамен кей зерттеушілер оның Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін бір ғасырдан астам уақыт өткен соң туылған десе, кейбірі 235/850[1], 238/853[2] және 248/862[3]-жылдары Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келгендігін айтады. Матуриди деген есім оның туған жеріне байланысты берілген. Егер де оның Мұхаммед ибн Муқатиль ар-Разиге (248/862 ж. қайтыс болған) шәкірт болған жылдарды ескерсек, Матуриди шамамен 238/853 жылдары туған болуы мүмкін деген болжам айтуға болады[4].

Олай болса, имам Матуриди дәстүрлі ақиданы қолдайтын мұғтазилит бағытын ұстанатындармен күрескен Аббасит халифаты әл-Мутауаккилдің (232-247/847-861) тұсында дүниеге келген. Бұл да Матуридидің Әшғариден бұрын туылғандығына дәлел.

Имамның ұлтын да тарихшылар дөп басып дәл айта алмайды. Бір деректер оны түркі тектес халықтарға жатқызса, екінші бір еңбектерде ол Мәдиналық атақты Әбу Әйюб Халид ибн Зәйд ибн Кулайб әл-Ансари әулетінен, яғни арабтардан шыққан деп тұжырымдалған. Кейбір отбасылардың Мәдинадан Самарқандқа келіп қоныстанғаны туралы мағлұмат осы пікірді қуаттайды. Имамның есімі Камаладдин әл-Баязи еңбегінде (-1098/1687) «әл-Имам Әбу-Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әл-Әнсари» деп берілуі осыдан.



[1]     Muhammad Mustafizurrahman. An introduction to al-Maturidi's Tawilat Ahl al-Sunna, 1981, 28-б.

 [2]     Әйюб Әли Әбу Хайр Мұхаммед, Ақидатул Ислам уәл-Имам Матуриди, Бангладеш-Дакка, 1983.265-б.

 [3]     Матуриди, Тәуилату әһли сунна (И.Авазайн, С.Авазайн) Каир. 1971

 [4]     Топалоғлу Бекир-Аручи, Китабу-т Таухид, ИСАМ баспасы, Анкара, 2005. XIV   

Жоғары