ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Қара зеренің қасиеті туралы хадис шәрифтер бар ма?

Сұрақ: Қара зеренің қасиеті туралы хадис шәрифтер бар ма?

Жауап: 

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «وَإِنَّ هَذِهِ الْحَبَّةَ السَّوْدَاءَ دَوَاءٌ مِنْ كُلِّ دَاءٍ إِلاَّ الْمَوْت». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Бурәйдадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Расында осы қара дән (қара зере) өлімнен өзге барлық дертке дауа», – деген. Ахмет риуаят еткен.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «عَلَيْكُمْ بِهَذِةِ الْحَبَّةِ السَّوْدَاءِ، فَإِنَّ فِيهَا شِفَاءٌ مِنْ كُلِّ دَاءٍ إِلاَّ السَّامَ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Сендер осы қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар», – деген. Бұхари т.б. имамдар риуаят еткен.

عَنْ خَالِدٍ بْنِ سَعْدٍ قَالَ: خَرَجْنَا وَمَعَنَا غَالِبٌ بْنُ أَبْجَرَ فَمَرِضَ فِي الطَّرِيقِ، فَقَدِمْنَا الْمَدِينَةَ وَهُوَ مَرِيضٌ، فَعَادَهُ ابْنُ أَبِي عَتِيقٍ، فَقَالَ لَنَا: عَلَيْكُمْ بِهَذِهِ الْحُبَيْبَةِ السَّوْدَاءَ، فَخُذُوا مِنْهَا خَمْساً أَوْ سَبْعاً فَاسْحُقُوهَا، ثُمَّ اقْطُرُوهَا فِي أَنْفِهِ بِقَطَرَاتِ زَيْتٍ، فِي هَذَا الْجَانِبِ وَفِي هَذَا الْجَانِبِ، فَإِنَّ عَائِشَةَ حَدَّثَتْنِي: أَنَّهَا سَمِعَتْ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «إِنَّ هَذِهِ الْحَبَّةَ السَّوْدَاءَ شِفَاءٌ مِنْ كُلِّ دَاءٍ إِلاَّ مِنَ السَّامِ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Халид ибн Сағыд былай дейді: «Ғалиб ибн Абджармен бірге жолға шықтық. Ол жолда ауырып қалды. Мәдинаға жеткенде ол ауру болатын. Оның жағдайын білу үшін Ибн Әбу Атиқ келді де, бізге: «Сендер оған мына қара зерені беріңдер. Одан алты не жеті түйірін алып ұнтақтап, оның мұрнының екі жағына кезек-кезек маймен бірге тамызыңдар. Расында мен Айшадан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында осы қара дән (қара зере) өлімнен басқа барлық дертке шипа», – деген хадисін естігенмін», – деді». Бұхари риуаят еткен.

 Осы хадистер қара зерені күнделікті пайдалану тіпті дені сау адамға да денсаулықты жақсарту үшін сүннет болып табылатындығына дәлел. Сондықтан да қара зеремен емделумен бірге Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетін орындаған болып саналады.

Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) ауырған кезде қара зерені алып, оны сумен не балмен қосып қабылдағандығы айтылады.

Жоғары