
СОҢҒЫЛАР
ЖАНУАРЛАРДЫҢ АҒЗАСЫН АДАМҒА ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУДЫҢ ҮКІМІ
29.04.2022
ҚАУЕСЕТ ТАРАТУДЫҢ ҮКІМІ
27.04.2022
АРТЫҚ САУСАҚТЫ АЛУДЫҢ ҮКІМІ
25.04.2022
ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУДІҢ ҮКІМІ
22.04.2022





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

АНАСЫ
Пайғамбардың (с.а.с.) анасы Әмина бинт Уаһб ибн Абдманаф ибн Заһра. Меккенің ең текті әулеттерінің бірінен.
СҮТ АНАЛАРЫ
Оны ең бірінші өз анасы Әмина емізді. Сосын әкесімен бірге туысқан көкесі Әбу Ләһәбтың күңі Сәубия емізді. Әбу Ләһәб Пайғамбардың (с.а.с.) туылуының құрметіне орай Сәубияны күңдіктен босатқан еді. Одан кейін құтты сәбиді Халима Ас-Сағдия емізді. Пайғамбар – сәби кіргеннен-ақ Халиманың үйіне бұрын-соңды болмаған құт-береке еніп, мамыражай тіршілік басталады.
