ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Шайтанның достарына беретін уәдесі қандай?

Сұрақ: Шайтанның достарына беретін уәдесі қандай?

Жауап: 

Шайтанның достарына беретін уәдесі

﴿كَمَثَلِ الشَّيْطَانِ إِذْ قَالَ لِلْإِنسَانِ اكْفُرْ فَلَمَّا كَفَرَ قَالَ إِنِّي بَرِيءٌ مِّنكَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ رَبَّ الْعَالَمِينَ * فَكَانَ عَاقِبَتَهُمَا أَنَّهُمَا فِي النَّارِ خَالِدَيْنِ فِيهَا وَذَلِكَ جَزَاء الظَّالِمِينَ﴾

«Олар шайтанға ұқсас, ол (шайтан) адамға: «Кәпір бол!» – деді. Ал ол (адам) кәпір болғанда ол (шайтан): «Шынында менің саған еш қатысым жоқ. Расында мен әлемдердің Иесі – Алладан қорқамын», – деді. Ол екеуінің (шайтан мен кәпірдің) ақыры – мәңгілікке қалатын тозақ оты. Залымдардың жазасы сондай!» (Хашыр, 16, 17).

﴿وَقَالَ الشَّيْطَانُ لَمَّا قُضِيَ الأَمْرُ إِنَّ اللّهَ وَعَدَكُمْ وَعْدَ الْحَقِّ وَوَعَدتُّكُمْ فَأَخْلَفْتُكُمْ﴾ 

«Ал бәрі біткенде шайтан: «Шындығында Алла сендерге шынайы уәде берген еді. Ал мен сендерге жалған уәде бердім де, оны бұздым» (Ибраһим, 22).

Жоғары