ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ПӘТЕРДЕН ЗЕКЕТ БЕРІЛЕДІ МЕ?

 

Алла Тағала Құранда былай дейді:

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِۖ

 

«Уа, иман келтіргендер! Тапқан табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған өнімдеріміздің жақсы әрі адалынан жұмсаңдар»[1].

 

Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) бұл мәселеге қатысты былай деген:

 

ليسَ في العُروضِ زَكاةٌ إلّا ما كانَ للتِّجارةِ

 

«Саудаға арналған заттан ғана зекет беріледі»[2].

 

Демек алтын, күміс, ақша және малдан тыс қандай да бір заттан зекет беру үшін, ол сауда тауары болуы қажет[3].

 

Жалдауға берілген пәтер сауда мүлкі болып есептелмейді. Яғни жалға берілген пәтердің өзінен зекет беру міндет емес. Алайда одан түскен табыс жиналып, зекеттің нисабына жетіп, бір жыл айналса, оның зекеті шығарылады. Ал түскен табысы, өзінің қажетінен артылмаса, зекет беру қажет емес. Егер жалға берілген пәтердің төлемақысынан бөлек, нисап мөлшеріне жететін қаражаты болса, онда екі табысты біріктіріп зекетті береді.

 

Қорыта айтқанда, жалға берілген пәтер сауда тауары ретінде есептелмейді. Зекетті жалға берілген пәтердің өзінен емес, жалдаудың төлемақысынан түскен пайдадан береді.


Дархан Манарбекұлы

Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы

 



1 «Бақара» сүресі, 267-аят.

2 Әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубра», 4-том, 147-бет.

3 «Мұхтасар әл-Қудури», 57-бет.

 

 

Жоғары