ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
МӘҺІРДІ БЕЛГІЛЕМЕЙ НЕКЕ ҚИЮҒА БОЛА МА?

 

Мәһір (қалыңдық ақысы) – әйел затының  неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы[1]. Алла Тағала Құранда былай дейді:

 

وَآتُواْ النِّسَاء صَدُقَاتِهِنَّ نِحْلَةً فَإِن طِبْنَ لَكُمْ عَن شَيْءٍ مِّنْهُ نَفْسًا فَكُلُوهُ هَنِيئًا مَّرِيئًا

 

«Үйленентін әйелдеріңе мәһірлерін шын көңілдерінен тарту етіңдер»[2].

 

    Ханафи мәзһабында мәһір беру – уәжіп[3]. Бірақ мәһір некенің негізгі шарттарына кірмейді. Шаңырақ құрып жатқан ер мен әйел мәһірді белгілемей  неке қиса да, мәһірсіз үйленуге келіссе де неке дұрыс саналады[4].

 

 

    Алла Тағала Құранда былай дейді:

 

لاَّ جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِن طَلَّقْتُمُ النِّسَاء مَا لَمْ تَمَسُّوهُنُّ أَوْ تَفْرِضُواْ لَهُنَّ فَرِيضَةً

 

«Егер әйелдерді оларға жақындаспай тұрып немесе оларға міндеттіні (мәһірін) белгілемей тұрып талақ қылсаңдар, сендерге еш күнә артылмайды»[5].

 

Аятта мәһір белгілемей талақ берілудің дұрыс екендігі айтылған. Әрине талақ берілу үшін міндетті түрде дұрыс неке қиылу тиіс. Демек, бұл үйлену барысында мәһірдің аталмауы некенің дұрыстығына кедергі болмайтындығын білдіреді[6].

 

Сондықтан мәһірді белгілемей немесе мәһірді бермеу шартымен неке қию некенің дұрыстығына кедергі болмайды.

 



[1] Мухтар ас-сихах ибни Абидин, 3/100.

[2] «Ән-Ниса» сүресі, 4-аят.

[3] Фатху әл-қадир, 3/304.

[4]  Қадри Баша, Ахуалу әш-шахсия, 189.

[5] «Бақара» сүресі, 236-аят.

[6] Қадри Баша, Ахуалу әш-шахсия, 190.

Жоғары