





Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Орта мектепті және Қазақ ауыл шаруашылық институтын Алматы қаласында тәмамдаған.
Шейх Алсабеков Мухаммад Хусайн 1970-1980 аралығында сол кездердегі Орта Азиядағы көрнекті ислам ғалымдарынан дәріс алған. Сонымен қатар ол діни білімін жетілдіру мақсатында Сирия және Пәкістан мемлекеттерінде халықаралық ислам университеттерінен шариғат және араб тілі факультетін бітірген.
Еңбек жолы:
1985 жылы 25 жасында Алматы қаласы орталық мешітіне Бас имам болып қызмет еткен.
1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғалы бері М.Х. Алсабеков Қазақ Ислам университетінің тұңғыш ректоры, ҚМДБ төралқасының мүшесі, сондай-ақ 1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің, «Алматы-Хельсинки-Париж» атты Арал теңізін құтқару халықаралық комитетінің және адам құқығын қорғау комитеттерінің мүшесі. Еліміздің мұсылмандары атынан Ресей, Кауказ, Орта Азия, Сирия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кипр, Ливан, Түркия, Иран, Пәкістан және т.б мемлекеттерде дипломатиялық миссияларда болып қайтты.
Шейх М.Х. Алсабеков ҚМДБ-н алғаш құрған қайраткерлердің бірі. Ол көптеген орта және жоғары діни білім оқу орындарына арналған діни оқу-әдістемелік құралдарының және көптеген діни кітаптардың авторы.
-
Наурызбай Тағанұлы Өтпенов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
-
Ершат Ағыбайұлы ОҢҒАРОВ PhD докторы, ҚМДБ наиб мүфтиі, Ғұламалар кеңесінің төраға орынбасары
-
Ғылымбек Жәдігерұлы МӘЖИЕВ PhD докторант, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы
-
МУХАММАД-ХУСАЙН УСМАНҰЛЫ АЛСАБЕКОВ Профессор, филология ғ.д., Бас мүфтидің кеңесшісі
-
ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ PhD докторы, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры
-
ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі
-
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ САТЫБАЛДЫҰЛЫ ОРАЗ Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры
-
ШАМШӘДИН ТҰРСЫНҰЛЫ КЕРІМ Профессор, филология ғ.д., Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті «Әбу Ханифа» орталығының директоры
-
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ ШОҚАНОВ PhD докторант, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы
-
АЛАУ ШАЙҚЫМҰЛЫ ӘДІЛБАЕВ Доцент, PhD докторы, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы
-
МҰХИДДИН ИСАҰЛЫ ПАТТЕЕВ PhD докторы, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы
-
СМАЙЫЛ СҮЙЕРҚҰЛҰЛЫ СЕЙТБЕКОВ Философия ғ.к., ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі
-
БАТЫРЖАН БЕРДЕНҰЛЫ МАНСУРОВ PhD докторы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі
-
МҰХАН ИСАХАН PhD докторы, исламтанушы
-
ЕРСІН БЕКАЙДАРҰЛЫ ӘМІРЕ PhD докторант, Алматы орталық мешітінің наиб имамы
-
ӘЛИҰЛЫ БАУЫРЖАН PhD докторы, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы